2015 жылдың 11 маусымында "Конденсат" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

04.05.15 18:16
/KASE, 04.05.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Конденсат" АҚ (Батыс қазақстан обл, бұдан әрі – компания), биржаға 2015 жылдың 11 маусымында сағат 11:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібімен өтетіні туралы хабарлады: - компанияның 2014 жылғы қаржылық таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - компанияның 2014 жыл бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның жұмыс қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу күнін анықтау; - банктің Директорлар Кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін бекіту; - есептеу комиссиясын бекіту туралы; - компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау. Аталмыш жиналыс: Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Иксанов көшесі, 172 мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 12 маусымында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша сағат 11:00-де өткізіледі. Акционерлер жылдық жалпы жиналысының материалдарымен Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Иксанов көшесі, 172 мекен-жайында таныса алады, тел.: (7112) 98 1053 (ішкі.1314).. [2015-05-04]