"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ өзінің KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BtaIb5) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

13.05.15 17:00
/KASE, 13.05.15/ - "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 12 мамырында өзінің KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BtaIb5) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 899 013 850 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 861 950 000 теңгені, купондық сыйақысы – 37 063 850 теңгені құрады. [2015-05-13]