Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-49 (KZK2KY050492) 49-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізіледі

20.05.15 10:04
/KASE, 20.05.15/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). ------------------------------------------------------------------------ Қағаз тұрпаты: МЕОКАМ-60 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZK2KY050492 Шығарылымның реттік саны: 49 / 60 KASE сауда-саттық коды: MOM060_0049 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана 100 000 000 Айналысқа жіберу күні: 14.01.15 Айналыста болудың соңғы күні: 13.01.20 Өтеу күні: 14.01.20 Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме жылдық 6,20 % Купонды төлеу күні: 14 қаңтар және 14 шілде жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 20.05.15 Өтеу мерзімі: 4,7 жыл (1 702 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 10 100 000 Сауда-саттық заты: облигацияның "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: rmative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы "Бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен сауда- саттықтарды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" # 170 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" # 61 қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықққа қатысу үшін берілетін өтінімдерді тек, екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясына иеленген, сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар болып табылатын, KASE қор нарығының мүшелері ғана құқылы. Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар тек жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен және мүддесіне ғана сауда-саттықққа қатыса алады. Бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру ережесінің мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/files/normative_base/post_170.pdf мекен-жайында орналасқан. [2015-05-20]