"ҚазТрансОйл" АҚ өзінің 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы қызметінің қаржылық шоғырландырылған нәтижелері туралы мәлімдеді

20.05.15 14:24
/KASE, 20.05.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында былай деп мәлімдеді: 2015 жылдың І тоқсанындағы "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған табысы 53 млрд. 568 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың І тоқсанындағы ұқсас көрсеткішінен 18 %-ға жоғары. 2015 жылдың І тоқсанындағы "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 20 млрд. 561 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың І тоқсанындаға ұқсас көрсеткішінен 4 есе артық. "ҚазТрансОйл" АҚ Инвесторлармен байланыс қызметі [2015-05-20]