Директорлар кеңесінің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің жаңа құрамы сайланды

22.05.15 17:27
/KASE, 22.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 19 мамырындағы шешімімен Директорлар кеңесінің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің (Комитет) жаңа құрамы сайланды: - Бабаев А.Ш., басқарушы директор – "Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма мүшесі; "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитеттің төрағасы); - Ташметов М.Ж., "Qazaq Вanki" АҚ Басқармасының Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитет Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделер қайшылығы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Әбдіразақов Е.С., "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры; - Әбдірахманов Н.А., Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау мен қадағалау әдістемесі департаментінің директоры; - Жолдасбеков А.М., Директорлар кеңесінің төрағасы, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры; - Қабашев М.Р., KASE Басқармасының Төрағасы. Комитеттің құрамы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/authorities мекен-жайы бойынша жарияланған. Директорлар кеңесі Комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс тәртібі Биржалық кеңестің комитеттері туралы қағидада анықталған, оның мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/pol_com_bs.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE акционерлерінің 2015 жылдың 15мамырында болып өткен жылдық жалпы жиналысының шешімімен бекітілген, Биржаның жаңа редакциядағы жарғысының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, Биржаның ішкі құжаттарында, оның қызметтік хат-алмасуында және жарияланымдарында Директорлар кеңесімен қатар "Биржалық кеңес" түсінігі қолданылуы мүмкін. Жарғының жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/ustav.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады. [2015-05-22]