Директорлар кеңесінің Мамандар, сыйақылар және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комитеттің жаңа құрамы сайланды

22.05.15 17:35
/KASE, 22.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 19 мамырындағы шешімімен Директорлар кеңесінің Мамандар, сыйақылар және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комитеттің (Комитет) жаңа құрамы сайланды: - Құрманов Ж.Б., Директорлар кеңесінің мүшесі, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, KASE тәуелсіз директоры (Комитеттің төрағасы); - Бабаев А.Ш., "Казкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі; "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (Комитет Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделер қайшылығы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Әбдіразақов Е.С., "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры - Жолдасбеков А.М., Директорлар кеңесінің төрағасы, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры "; Комитеттің құрамы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/authorities мекен-жайы бойынша жарияланған. Директорлар кеңесі Комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс тәртібі Биржалық кеңестің комитеттері туралы қағидада анықталған, оның мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/pol_com_bs.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE акционерлерінің 2015 жылдың 15мамырында болып өткен жылдық жалпы жиналысының шешімімен бекітілген, Биржаның жаңа редакциядағы жарғысының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, Биржаның ішкі құжаттарында, оның қызметтік хат-алмасуында және жарияланымдарында Директорлар кеңесімен қатар "Биржалық кеңес" түсінігі қолданылуы мүмкін. Жарғының жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/ustav.pdf мекен-жайы бойынша жарияланады. [2015-05-22]