KASE Директорлар кеңесі Листингілік комиссиямының құрамын бекітті

22.05.15 17:49
/KASE, 22.05.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 19 мамырындағы шешімімен Листингілік комиссияның (Комиссия) келесі құрамы бекітілді: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі дербес түрде бекітілген тәртіпте анықталады); - KASE ірі акционерінің өкілі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі дербес түрде бекітілген тәртіпте анықталады); - Кышпанаков В.А., "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, KASE директорлар кеңесінің мүшесі (Листингілік комиссияның төрағасы); - Құрманов Ж.Б., Директорлар кеңесінің мүшесі, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ, тәуелсіз директоры, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, KASE тәуелсіз директоры (комиссия төрағасы болмаған кезде немесе мүдделер қайшылығы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Ташметов М.Ж., "Qazaq Вanki" АҚ Басқарма Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры (комиссия төрағасы болмаған кезде немесе мүдделер қайшылығы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға); - Әбдіразақов Е.С., "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры; - Бабаев А.Ш., "Казкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі; "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, KASE тәуелсіз директоры; - Жолдасбеков А.М., Директорлар кеңесінің төрағасы, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тәуелсіз директоры; - Хорошевская Н.Ю, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары. Листингілік комиссиясының құрылымы, функциялары және оларды жүзеге аысру тәртібі, өкілеттілігі және міндеттері: - Листингілік комиссия туралы қағидада – http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_com.pdf - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарды реттеу мен бақылау Агенттігінің 2008 жылдың 28 қарашасындағы "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастырушылық құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар және Сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшелерінің сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыру ережелері туралы" № 195 қаулысында анықталған. – http://www.kase.kz/files/normative_base/post_195.pdf [2015-05-22]