"Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ UnionPay International Co., Ltd өзара тұсіністік туралы меморандумға қол қойды

28.05.15 10:17
/KASE, 28.05.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Қытай Халық Республикасының астанасында (Пекин қ.) UnionPay International Халықаралық кеңесінің VI отырысының аясында "UnionPay International Co., Ltd. және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Halyk Bank) арасында өзара түсіністік туралы" келісімге қол қойылды. UnionPay International тарапынан құжатқа Цай Цзяньбо (Cai Jianbo) қол қойды, ал Қазақстан Халық Банкі басқармасы төрағасы –Үміт Шаяхметова қол қойды. ... Толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_270515_.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-05-28]