"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі "Темiрбанк" АҚ лицензиясының күші тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға ерікті түрде жүгінуге шешім қабылдады

28.05.15 14:48
/KASE, 28.05.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес "Темiрбанк" АҚ (одан әрі– "Банк") БИН 920340000031, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай көшесі, 68/74, Банк ерікті қайта құрылу аясында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға Лицензияның күші тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Уәкілетті органға Лицензияның күшін тоқтату жөніндегі шешімді 2015 жылдың 26 мамырында Банктің жалғыз акционері "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі қабылдады (№14(з) хаттама). ... [2015-05-28]