"Казкоммерцбанк" АҚ "Проблемалық несиелер қоры" акционерлік қоғамымен банкте 38,1 млрд теңге орналастыруға банктік салым келісім-шартына қол қойғаны туралы хабарлады

19.06.15 10:49
/KASE, 19.06.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2015 жылдың 18 маусымында баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Казкоммерцбанк (одан әрі – "Банк") "Проблемалық несиелер қоры" акционерлік қоғамымен 20 жылға ипотеканың қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында 38,1 млрд теңге орналастыруға банктік салым келісім-шартына қол қойды. Алған қаржыны Банктің, "БТА Банк" АҚ және "БТА Ипотека" АҚ клиенттерінің қарыз несиелері бойынша қайта қаржыландыруға жұмсады. Бағдарлама шартына сәйкес қайта қаржыландыруға 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2009 жылдың 1 қаңтары аралығында алған ипотекалық несиелер жатады. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_180615.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-06-19]