"Казкоммерцбанк" АҚ "БТА Банк" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясының әрекеті тоқтатылғаны туралы хабарлады

25.06.15 11:58
/KASE, 25.06.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "БТА Банк" АҚ (БТА) және "Казкоммерцбанк" (ККБ) АҚ) 23 маусымнан бастап БТА-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне лицензияның әрекетін тоқтату туралы ерікті түрде берген өтініміне байланысты БТА-ның банктік операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізу лицензиясының әрекеті тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды. Лицензияның әрекеті ҚР Ұлттық Банктің ««БТА Банк» АҚ-на берілген банктік және өзге де операцияларды сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізу лицензияның әрекетін тоқтату туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы №268 Бұйрықтың негізінде тоқтатылды. БТА Банктің лицензияны ерікті түрде қайтаруы ККБ мен БТА интеграциясының мақұлданған жоспарына сәйкес атқарылды. 15 маусымда қос банк активтер мен міндеттемелерді бір-біріне бір мезгілде табыстау туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында БТА активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі ККБ- ға берілді, ал ККБ-ның проблемалық активтерінің бір бөлігі БТА-ға өтті. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_240615.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-06-25]