"Казкоммерцбанк" АҚ "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

25.06.15 15:30
/KASE, 25.06.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2015 жылғы 24 маусым, Алматы – "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-мен (ПКҚ) 10 жылдық мерзімге 250 млрд теңге көлемінде шарттасылған қаржыландыруды бөлу жөніндегі келісімге қол қойды. "ҚР Ұлттық Банкі және үкіметі қабылдаған шешімдерге сәйкес Ұлттық Банкі ПКҚ-мен Қазкоммерцбанктің несиелік қоржынның сапасын жақсарту мақсатында шарттасылған қаржыландыру тәсімін іс-жүзіне асыру бойынша мәміленің шарттарына келісімін берді. Аталған мәміленің нәтижесінде Казкомда және жалпы банк саласында жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейі төмендейді деп күтілуде", - деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков. "БТА-мен бірігуді аяқтаған Казком үшін маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Мемлекеттің қолдауы біріктірілген банкке балансты проблемалық кредиттерден тазалауға көмектеседі. Бұл біз үшін басым міндет болып табылады", - деді Қазкоммерцбанк басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов. "Осы келісімге қол қоюдың алдында реттеуші орган, ПКҚ және Қазкоммерцбанк арасында ауқымды жұмыстар атқарылды, барлық қажетті процедуралар мен мақұлдаулар сәтті аяқталды. Біз аталған мәміле Қордың негізгі міндетін іс-жүзіне асыруға себептесіп, Қазақстанның банк жүйесінде жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін азайтуға және активтердің сапасын арттыруға елеулі үлесін қосады деп күтеміз", - деді ПКҚ АҚ басқармасының төрағасы Ардак Тиес. Байланыс үшін: Қазкоммерцбанк Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, қаржы институттарының департаменті +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, бұқарамен байланыс департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2015-06-25]