АО "БТА Банк" АҚ KASE сауда-саттығына қатысудан шеттетілді

25.06.15 16:25
/KASE, 25.06.2015/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2015 жылдың 25 маусымындағы шешіміне сәйкес "БТА Банк" АҚ (Алматы) KASE ссауда-саттығына қатысудан (қаржы құралдарымен сауда-саттықтан басқа бұрын жасалған мәмілелерді және/немесе міндеттемелерді орындау мақсатында) шеттетілді. Шешім "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 11 бабы 1 тармағы 1) және 2) тармақшасына сәйкес қабылданды. Бұрын осы тақырыпта 2015 жылдың 25 маусымында KASE жаңалығы "Ұлттық Банк "БТА Банк" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтатты" деген жаңалығы – http://www.kase.kz/ru/news/show/1260624 жарияланды. [2015-06-25]