"Казкоммерцбанк" АҚ "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

26.06.15 14:45
/KASE, 26.06.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен 2015 жылғы 22 маусымда Басқарманың жаңа мүшесі – Джайлаубекова Айгүл Акешайқызы Басқарушы директор ретінде сайланды. Басқарушы директор корпоративтік бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды басқарады. Джайлаубекова ханым - Қазақстандағы және шетелдердегі әлемдік жетекші банктерінде сонымен қатар MeesPierson N.V. және ING Bank N.V. банктердің Нидерландыдағы бас кеңсесі мен ING Bank N.V. Қазақстандағы өкілдігіндегі жұмысы кезінде жинақталған басқарушылық және коммерциялық жұмыстарда 18 жылдан артық тәжірибесі бар білікті банк жетекшісі. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_250615.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-06-26]