KASE 2015 жылдың 29 маусымынан бастап Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізді

29.06.15 18:57
/KASE, 01.07.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE)Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 29 маусымынан бастап "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 7 толықтырулар мен өзгертулер қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер, KASE индексінің есептеуге арналған өкілетті тіімге кіретін акциялардың Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттығы басталуына, сондай-ақ неттингпен репо операциялары нарығында сауда-саттықтар ашылуына байланысты енгізілген. Аталмыш түзетулерге сәйкес: - репрезентаттықты арттыру мақсатында KASE индексінің өкілетті тізімінің құрамына кіретін, акциялардың нарықтық бағасын есептеу күнделікті жүзеге асырлады; - неттингпен репо нарығынлаңы реп операцияларының заты ретінде қолданылатын, акциялардың нарықтық бағаларының нөлдік дисконты орнатылды. Бұл ретте осы сектордағы нарықтық бағаларды дисконттауға альтернатива ретінде репо операцияларының ашылу және жабылу мәмілелерін маржалық қамтамасыз ету болады. Бұдан басқа, Әдістеменің мәтіні Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне сәйкетендірілді, және оған нақтыламалық және редакциялық түзетулер енгізілді. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [о ] [2015-07-01]