АО "Казкоммерцбанк" АҚ және "БТА Банк" АҚ деконсолидация туралы хабарлады

01.07.15 17:44
/KASE, 01.07.2015/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "БТА Банк" АҚ (БТА) банк лицензиясын өткізген соң және банктердің арасында активтердің ауысуы аяқталғаннан кейін "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ немесе Банк) БТА-ға басқару ісін өзінің ірі акционерлеріне табыстады және 2015 жылғы 30 маусымнан бастап БТА-ны өзінің шоғырландырылған қаржы есебінен алып тастады. ККБ директорлар Кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова БТА-ның директорлар Кеңесінің құрамына шықты. Сонымен қатар ККБ-ның өкілдері Асқарбек Нәбиев, Ляззат Сәтиева, Айгерым Жапарова БТА Басқармасының құрамынан, ал БТА басқармасының жанындағы комитеттердің құрамына кірген ККБ-ның бірқатар қызметкерлері БТА-ның штатынан шықты. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300615.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-07-01]