"НГСК КазСтройСервис"АҚ KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

09.07.15 12:30
/KASE, 09.07.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2015 жылдың 09 шілдесінен бастап "НГСК КазСтройСервис"АҚ (Алматы) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASSb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.15, тиянақталған жарты жылдық купон , соңғы купондық кезеңге 8,00 %, 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 09 шілдесінен бастап KASE ресми тізіміне енгізіліп, ал 2015 жылдың 01 қазанынан бастап "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2012 жылдың 26 шілдесінен бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,9978-ден 8,5000 % аралығында құбылды. [2015-07-09]