KASE "МГҚК "ҚазҚұрылысСервис" АҚ KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

10.07.15 12:00
/KASE, 10.07.15/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2013 жылдың 12 қарашасынан бастап "МГҚК "ҚазҚұрылысСервис" АҚ (Алматы) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты KASSb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 09.07.12 – 09.07.15; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2015 жылдың 09 шілдесінен бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0001695 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. (К) 1,0001677 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша "МГҚК "ҚазҚұрылысСервис" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" тақырыбындағы KASE жаңалығы 2015 жылдың 09 шілдесінде http://www.kase.kz/ru/news/show/1262084 мекен- жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/