"Алматыэнергосбыт" ЖШС өзінің KZ2P0Y07D045 (KZ2P00001266, AESOb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

15.07.15 11:15
/KASE, 15.07.15/ - "Алматыэнергосбыт" ЖШС (Алматы) 2015 жылдың 13 шілдесінде өзінің KZ2P0Y07D045 (KZ2P00001266, AESOb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 149835313.53 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 139381687,00 теңгені, купондық сыйақысы – 10453626,53 теңгені құрады. [2015-07-15]