"БАСТ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

30.07.15 09:38
/KASE, 30.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан облысы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C59680013 жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана; - компанияның 202 951 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға М.Е.Мақашев болып табылады, оның меншігінде 184 141 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,73%) бар. [2015-07-30]