"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ KZP01Y03F022 (KZ2C00003366, ASYLb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

17.08.15 11:00
/KASE, 17.08.15/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 03 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZP01Y03F022 (KZ2C00003366; 100 теңге, 1,3 млрд теңге; 3 жыл; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2015 жылдың 10 шілдесінде тіркелген, "АСЫЛ-ИНВЕСТ", АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 10,0 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ASYLb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2015-08-17]