"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

21.08.15 11:25
/KASE, 21.08.15/ - "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2015 жылдың 20 тамызында өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, BTAIb9) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 132 088 760, 00 теңгені құрады. [2015-08-21]