"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесі компанияның бас директоры Құрманғазы Есказиев сайланғаны туралы хабарлады

28.09.15 15:25
/KASE, 28.09.2015/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата соңы ... "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев ҚМГ БӨ-нің бас директоры (басқарма тқрағасы) болып сайланғанын хабарлайды. Есқазиев мырза бұған дейін ҚМГ БӨ-нің негізгі өндірістік активтерінің бірі "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры қызметін атқарған. Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон жаңа бас директорды таныстырды: "Есқазиев мырзаның жаңа технологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар. "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры болған сегіз айдың ішінде ол компанияда жаңа жобаларды сәтті іске асырды. Біз Есқазиев мырза өзінің кәсіби біліктілігі мен оң тәжірибесін ҚМГ БӨ компаниялар тобының игілігіне жемісті пайдаланады деп күтеміз". Сол күні "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ АҚ басқарма төрағасы С. Мыңбаев Компания ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Компанияның жаңа басшысы ҚМГ БӨ-нің өндірістік және қаржылық тиімділігін мейлінше арттыруды мақсат еткен даму бағытын ұстанатынын мәлімдеді. цитата басы [2015-09-28]