Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ KZP02Y09C172 (KZ2C00000453, TXBNb5) облигацияларын 2015 жылдың 26 ақпанынан 25 тамызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

07.10.15 14:38
/KASE, 07.10.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2015 жылдың 23 қыркүйегіндегі KZP02Y09C172 (KZ2C00000453, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb5) облигацияларын 2015 жылдың 26 ақпанынан 25 тамызына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес есептік кезеңде аталмыш облигациялар орналастырылған жоқ, 2015 жылдың 25 тамызындағы жағдайы бойынша 4 690 000 000 облигациялар орналастырылмаған. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/txbn_razmb5_230915.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-10-07]