"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 92,8 млрд теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландырғаны туралы хабарлады

07.10.15 14:52
/KASE, 07.10.2015/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Қазақстанның негізгі астық егуші аймақтарында дәнді дақылдарды жинау белсенді жүргізілуде. Биылғы жылдың көктеміндегі егістік науқаны ауа- райының қолайсыз жағдайларының себептерімен біраз созылып кеткені белгілі. Бүгінде күзгі жаңбырлар мен салқын түскенге дейін жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу аса маңызды. Басты аграрлық шараларды сапалы әрі уақытылы өткізуге "КазАгро" ұлттық холдингі өз көмегін көрсетуде, ол осы кезге дейін республиканың аграрлық құрылымдарын 92,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Осы қаражаттардың негізгі бөлігін Холдингке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 60 млрд. теңге көлеміндегі несие қаражаты құрайды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_051015.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-10-07]