NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы Tethys Petroleum Limited компаниясының шығарылған акционерлік капиталын сатып алу бойынша ұсынын кері қайтарып алғаны туралы хабарлады

07.10.15 15:15
/KASE, 05.10.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы (Лондон), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен 2015 жылдың 07 қазанында төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Nostrum Oil & Gas PLC (LSE: NOG) ("Nostrum", немесе "Компания"), ... 2015 жылдың 23 қыркүйегінде жариялаған Tethys Petroleum Limited ("Tethys") компаниясының шығарылған акционерлік капиталын Tethys компаниясы үшін 20 миллион АҚШ долларымен қоса аралық қаржыландырумен бірге сатып алу жөніндегі ұсынымын кері қайтарып алғаны туралы хабарлайды. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_071015.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2015-10-07]