"Жайықмұнай" ЖШС Tethys Petroleum Limited шығарған акционерлік капиталын Nostrum Oil & Gas PLC сатып алу бойынша ұсынымын кері қайтарып алғаны туралы хабарлады

07.10.15 15:31
/KASE, 07.10.2015/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), Қазақстан қор биржасы (KASE), 2015 жылдың 07 қазанында ресми хатпен хабарлама ұсынды, онда: Nostrum Oil & Gas PLC (LSE: NOG) ("Nostrum", немесе "Компания"), ... 2015 жылдың 23 қыркүйегінде жариялаған Tethys Petroleum Limited ("Tethys") компаниясының шығарылған акционерлік капиталын Tethys компаниясы үшін 20 миллион АҚШ долларымен қоса аралық қаржыландырумен бірге сатып алу жөніндегі ұсынымын кері қайтарып алғаны туралы хабарлайды...". Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_071015.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2015-10-07]