2015 жылдың 10 қарашасынан бастап Биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

09.11.15 12:05
/KASE, 09.11.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2015 жылдың 10 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 7 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "КазТрансОйл" АҚ (Астана).KZ1C29950017 (KZ1C00000744, (KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_KZTO_007 кодтары берілді. [2015-11-09]