"КазТрансОйл" АҚ 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына жұмыс қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық нәтижесі туралы хабарлады

19.11.15 10:25
/KASE, 19.11.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегі хабарламаны ұсынды: ... "КазТрансОйл" АҚ 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына жұмыс қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық нәтижесі туралы хабарлады "КазТрансОйл" АҚ 2015 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша шоғырландырылған түсімі 157 млрд. 813,2 млн. теңгені құрады, ол 2014 жылдың 9 айына қарағанда 3,9% артқан. "КазТрансОйл" АҚ 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза табыс 38 млрд. 785,5 млн. теңгені құрады, ол 2014 жылдың 9 айына қарағанда 4,1% артқан. ... [2015-11-19]