Бүгін Қазақстан қор биржасында "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C0Y07E970 (KZ2C00003275, KAFIb5) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

25.11.15 11:53
/KASE, 25.11.15/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07E970 (KZ2C00003275, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KAFIb5; 1 000 теңге, 18,0 млрд теңге; 12.06.15 – 12.06.24; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2C0Y07E970 ISIN: KZ2C00003275 Шығарылымның реттік саны: KAFIb5 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 18 000,0 – орналасқан: 15 753,0 Айналыста болудың алғашқы күні: 12.06.15 Айналыста болудың соңғы күні: 11.06.22 Өтеуді бастаған күн: 12.06.22 Айналыста болу мерзімі: 7 жыл (2 520 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: 12 желтоқсанда және 12 маусымда жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- --------------------- Сауда-саттық күні: 25.11.15 Өтеуге дейінгі мерзім: 6,5 жыл (2 357 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 2 237,0 Лот көлемі, дана: 1 Сауда-саттық заты: "таза" баға Сатуға өтінім түрлері: нарықтық және шектеулімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 70 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 14:30 Төлеу уақыты: 25.11.15 Төлем уақыты: 14:30 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Corp_ST1 ------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес, есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/KAFIb5 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2015-11-25]