2015 жылдың 25 желтоқсанында KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) "БЕККЕР и К" ЖШС облигациясын ұстаушылардың жылдық жалпы жиналысы болады

03.12.15 15:40
/KASE, 03.12.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы), 2015 жылдың 25 желтоқсанында сағат 12:00-де KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BKKRb1) облигацияларын ұстаушылардың жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер: - Аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бір облигацияның номиналдық құнынан жылдық 8,5% көлемінде барлық айналым мерзіміне белгіленсін; - Аталмыш облигациялардың айналым мерзімі – облигациялардың айналымы басталған күннен он жыл; - Аталмыш облигациялардың өтелу күні – облигациялардың айналымы басталған күннен он жыл өткен соң. .Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, . Розыбакиев көшесі, 92, 219 каб. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы облигацияларды ұстаушылардың тізімі 2015 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдайы бойынша жасалады. Кворум жиналмаған жағдайда аталмыш облигацияларды ұстаушылардың қайталама жалпы жиналысы 2015 жылдың 28 желтоқсанында сол жерде, сол уақытта өткізіледі. [2015-12-03]