25 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

25.12.15 14:42
/KASE, 25.12.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2015 жылдың 25 желтоқсаннан бастап "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BKKRb1) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңының 18-2 бабының 6 тармағына сәйкес қабылданды. Сауда-саттықтар аталмыш облигацияларды ұстаушылардың 2015 жылдың 23 қарашасында болып өткен жалпы жиналысының шешімі жарияланғаны туралы Биржа ақпарат алғанға дейін тоқтатылды. Бұдан бұрын 2015 жылдың 03 желтоқсанында "2015 жылдың 23 қарашасында "БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болып өтеді" тақырыбында KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1280557 мекен-жайында жарияланған. [2015-12-25]