"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.01.16 16:41
/KASE, 14.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C44010011 жай акцияларының жалпы саны 280 000 000 дана; - компанияның 55 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Д.Р. Хайбуллин болып табылады. [2016-01-14]