2016 жылдың 28 қаңтарында "БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысы болып өтеді

14.01.16 16:54
/KASE, 14.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 28 қаңтарында сағат 11:00-де KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BKKRb1) облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтеді деп Қазақстан қор биржасына хабарлады: - Облигациялар (купон) бойынша сыйақы мөлшерлемесін талқылау; - Облигациялардың шығарылым құрылымына облигацияларды жартылай мерзімнен бұрын өтеуді енгізу; - Облигацялардың айналыста болу мерзімі – облигациялардың айналысқа шыққан күнінен бастап сегіз жыл деп белгілеу; - Облигацияларды өтеудің күнін – облигациялардың айналысқа шыққан күнінен бастап сегіз жылдан кейін деп белгілеу. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Розыбакиев көш., 95, 219 каб. мекен- жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысуға құқылы облигацияларды ұстаушылардың тізімі 2016 жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда облигацияларды ұстаушыларының жалпы жиналысы 2016 жылдың 29 қаңтарында сол уақытта,сол мекен-жайда болып өтеді. [2016-01-14]