Казкоммерцбанк БТА Банкінің жай акцияларын сатып алу өтінімдерін алу нәтижелерін жариялады

14.01.16 16:10
/KASE, 14.01.2016/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), төмендегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: ... ККБ-ның өз акционерлеріне жасаған ККБ-ның иелігінде тұрған БТА Банкінің (бұдан әрі – БТА) акцияларын сатып алу жөніндегі ұсынысының аясында, ККБ акционерлері тарапынан БТА-ның 598,445,356,672 акциясын сатып алу өтінім алынып қабылданды, яғни ККБ-ның иелігінде тұрған БТА акциялары жалпы санының 98,37%. Өтінімдердің орындалуы және акциялардың қайта тіркелуі ККБ тарапынан 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларының ішінде жасасқан келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Акцияларды тіркеу нәтижелеріне қарай арнайы баспасөз мәлімдемесі жариялануы тиіс. Байланыс: Әлия Нұрсыпатова, Алма Бұйрақұлова, қаржы институттар департаменті +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, қоғамдық қарым-қатынастар департаментінің директоры +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz [2016-01-14]