28 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

28.01.16 10:38
/KASE, 28.01.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 28 қаңтарынан бастап "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, BKKRb1) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңының 18-2 бабының 6 тармағына сәйкес қабылданды. Сауда-саттықтар аталмыш облигацияларды ұстаушылардың 2016 жылдың 28 қаңтарында болып өткен жалпы жиналысының шешімі жарияланғаны туралы Биржа ақпарат алғанға дейін тоқтатылды. Бұдан бұрын 2016 жылдың 14 қаңтарында "2016 жылдың 28 қаңтарында "БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болып өтеді" тақырыбында KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1284244 мекен-жайында жарияланған. [2016-01-28]