"Казкоммерцбанк" АҚ әкімшілік жазаға тартылғаны туралы хабарлады

03.02.16 10:20
/KASE, 03.02.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2016 жылдың 01 ақпанында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 217 бабы 4 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бойынша айыппұл төлеу түрінде үш әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын алғаны жөнінде хабарлады. [2016-02-03]