KASE "Қазақстан Даму Банкі" еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, BRKLb1) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

08.02.16 16:41
/KASE, 08.02.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 08 ақпанынан бастап "Қазақстан Даму Банкі" еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ (Алматы) KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKLb1; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 08.12.11 – 08.02.16, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2016 жылдың 08 ақпанынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007431 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2015 жылдың 08 ақпанынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 57 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-02-08]