"БЕККЕР И К" ЖШС өзінің KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

10.02.16 15:35
/KASE, 10.02.16/ - "БЕККЕР И К" ЖШС (Алматы) 2016 жылдың 10 ақпанында өзінің KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 1541400000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 1468000000 теңгені, купондық сыйақысы – 73400000 теңгені құрады. [2016-02-10]