"БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, BKKRb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

02.02.16 14:59
/KASE, 02.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 02 ақпанынан бастап "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05D940 (KZ2P00000235, KASE ресми тізімі, BKKRb1; 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 02.02.11 – 02.02.16; жарты жылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2015 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 03 ақпанында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың таза бағасы облигацияның номиналдық құнынан (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 8,00 және 11,00% аралығында құбылды. [2016-02-11]