KASE "Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы сауда-саттық тоқтатылуына байланысты индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

22.02.16 18:00
/KASE, 22.02.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 08 ақпанынан бастап "Golden Compass Capital" АҚ (Алматы) KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, GLDCb1; 1 теңге, 8,0 млрд теңге; 10.01.13 – 10.01.23, жылдық 12,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, сауда-саттық тоқтатылуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2016 жылдың 22 ақпанынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 11,0007426 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2015 жылдың 22 ақпанынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 56 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Бұрын осы тақырыпта 2016 жылдың 22 ақпанында "Қазақстан қор биржасында 22 ақпанында "Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1287758 жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-02-22]