"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

24.02.16 10:10
/KASE, 24.02.16/ - "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 23 ақпанында өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 3545540400 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 3476020000 теңгені, купондық сыйақысы – 69520400 теңгені құрады. [2016-02-24]