KASE "Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларының сауда-саттығын уақытша тоқтату мерзімін ұзартты

26.02.16 12:41
/KASE, 26.02.16/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2016 жылдың 25 ақпанындағы шешімімен "Golden Compass Capital" АҚ (Алматы) KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, GLDCb1) облигацияларының сауда- саттығын уақытша тоқтату мерзімі ұзартылды. Сауда-саттық, "Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді биржа алған күннен кейінгі келесі күнге дейін және аталмыш облигациялардың орналастыру және айналу жүйесінде оның есепке алынуы қайта қалпына келтірілгенге дейін, уақытша тоқтатылды. Осы тақырыптама бойынша бұдан бұрын 2016 жылдың 22 ақпанындағы "KASE "Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y10E396 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигацияларының сауда-саттығын уақытша тоқтатты" – KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1287758 мекен-жайында жарияланды. [2016-02-26]