"Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

14.04.16 10:29
/KASE, 14.04.2016/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" банк басқармасының құрамынан үш басқарушы директордың – Бауыржан Қуватов, Асқарбек Набиев және Рустам Набировтың өз еркімен шыққандары туралы хабарлайды. Қазкоммерцбанкте қауіпсіздік және ақпарат пен техникалық қауіпсіздік қызметі үшін жауап берген Қуватов мырза БТА банктің Директорлар кеңесінің төрағасы – Кеңес Ракишев мырзаның кеңесшісі болып тағайындалды. Енді ол БТА банкке өткен проблемалық активтермен жұмыс істеуді жалғастырады. Менеджмент тәуелкелділігін басқарған Набиров мырза Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің жаңа төрағасы Мағжан Әуезовтың шақыруымен ҚҚҚ ауысты. Набиров мырзаның тәжірибесі Үкімет пен Ұлттық банкке қаржы секторының шоғырландырылған пікірін көрсететін дағдарысқа қарсы бағдарламаны дайындау барысында қаржы секторының келешектегі дамуы мен ұсыныстарын дайындау үшін өте маңызды. Банктің директорлар кеңесі мен басқармасы Казкомның дамуына қосқан үлестері үшін әріптестеріне ризашылықтарын білдіріп, келешектегі жұмыстарына сәттілік тіледі. Байланыс: Алма Бұйрақұлова,ақпарттық институттар департаменті +7 (727) 258-51-25, investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, қоғамдық байланыстар департаментінің директоры +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы [2016-04-14]