ҚҰБ ҚҚК "Қазақстан Халықтық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына банктің жай акциялар сплитімен байланысты енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

11.12.12 15:52
/KASE, 11.12.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халықтық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрынғысының орнын басатын 2012 жылдың 07 желтоқсандағы бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік банктің жарияланған акцияларының саны артуына байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны банктің жай акцияларын 1:10 пропорциямен бөлшектеу арқылы арттырылды; - банк жарияланған акцияларының жалпы саны 24 680 225 222 дана, оның ішінде 24 000 000 000 – KZ1C33870011 жай акциялары, 80 225 222 – KZ1P33870216 артықшылықты акциялары жай акцияларға ауыстырылған; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3387 нөмірімен енгізілді; - 2009 жылдың 04 желтоқсандағы жағдай бойынша банк 1 308 415 960 жай акциясы және 309 859 430 KZ1P33870216 артықшылықты акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 147 358 077 000 теңге көлемінде қалыптасты. Банк акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbkf9_izm_071212.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-12-11]