"КазТрансОйл" АҚ 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларына өндірістік жұмыс қорытындысын мәлімдеді

26.04.16 12:21
/KASE, 26.04.2016/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресмитізімінде тұрған, "КазТрансОйл" АҚ (Астана) биржаға баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "КазТрансОйл" АҚ 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларына өндірістік нәтижелерін мәлімдеді. "КазТрансОйл" АҚ бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 11 млн. 68 мың тоннаны құрады, ол 2015 жылдың І тоқсанына қарағанда 11% аз. Мұнай мен мұнай өнімдерін шоғырланған тасымалдау көлемі 14 млн. 350 мың тоннаны құрады, ол 2015 жылдың І тоқсанына қарағанда 11% аз. "КазТрансОйл" АҚ бойынша мұнайдың жүк айналымы 9 млрд. 109 млн. тонна-шақырымды құрады, ол 2015 жылдың І тоқсанына қарағанда 0,6% аз. Мұнайдың шоғырланған жүк айналымы 11 млрд. 186 млн. тонна- шақырымды құрады, ол 2015 жылдың І тоқсанына қарағанда 2,4% аз. Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарында Волга суын Астрахань-Маңғышлақ су таратқышы бойынша беру 5 млн. 506 мың ш/м.құрады, ол 2015 жылдың І тоқсанына қарағанда 0,8% аз. "КазТрансОйл" АҚ инвесторларымен байланыс қызметі ... [2016-04-26]