"АТФБанк" АҚ өңдеу кәсіпорнының мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында алты жобасын қаржыландырғаны туралы хабарлады

29.04.16 14:47
/KASE, 29.04.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Өңдеу өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау баяғадламасы аясында "АТФБанк" АҚ 6 ірі жобаны қаржыландырды. Қаржыландыру "АТФБанк" АҚ және "Қазақстан Даму банкі" АҚ арасындағы несие келісімі негізінде ҚР Ұлттық қордың бірінші және екінші траншы қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жалпы игерілген қаражат 6 млрд теңгені құрады.". ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_reliz_290416.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-04-29]