Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ 2015 жылдың 17 қыркүйегінен 2016 жылдың 16 наурызына дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

29.04.16 17:11
/KASE, 29.04.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Астана Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 26 сәуріндегі компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 17 қыркүйегінен 2016 жылдың 16 наурызына дейінгі кезеңге банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылмаған, 2016 жылдың 16 наурызындағы жағдайы бойынша компанияның 15 000 466 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 20 785 466 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ABBN/abbn_razm_260416.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-04-29]