2016 жылдың 30 мамырында "Казкоммерцбанк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

03.05.16 11:53
/KASE, 03.05.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), биржаға 2016 жылдың 30 мамырында сағат 11:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібімен өтетіні туралы хабарлады: - акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша Басқарма есебін бекіту; - банктің 2015 жылға аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту; - жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу тәртібін анықтау; - банктің 2015 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін анықтау: - банктің жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәселені шешу; - банктің 2015 жылғы таза табысын үлестіру; - банктің Директорлар Кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін бекіту; - акционерлерді Банктің Директорлар Кеңесі мен Басқарма Мүшелерінің 2015 жылғы сыйақысының құрамы мен мөлшері туралы ақпараттандыру; - акционерлердің 2015 жылы Банктің және оның лауазымды қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануы және оларды қараудың нәтижелері бойынша мәселені қарау. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34 мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2016 жылдың 31 мамырында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша сағат 11:00-де өткізіледі. Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі сұрақтарына байланысты материалдар акционерлер назарына жиналыс өтетін күннен он күн бұрын ұсынылады. Қажетті ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 34, 313 - кабинет, телефон +7(727) 2 585 221. Аталмыш жиналыстың өткізілуі туралы, күн тәртібінің сұрақтары бойынша қысқаша мәліметтері берілген, хабарламаның мәтіні KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_290416_1.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-05-03]