Бүгін Қазақстан қор биржасында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, AGKKb6) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

20.05.16 09:40
/KASE, 20.05.16 / –Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb6; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 30.12.15 – 30.12.21; тиянақталған жарты жылдық купон; жылдық 8,50 %, 30/360) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. ---------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y06F173 ISIN: KZ2C00003507 KASE сауда-саттық коды: AGKKb6 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 30 000,0 – орналасқан: – Айналыста болудың алғашқы күні: 30.12.15 Айналыста болудың соңғы күні: 29.12.21 Өтеудің басталу күні 30.12.21 Айналыста болу мерзімі: 6 жыл (2 160 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 8,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: 30 маусым және 30 желтоқсан жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ------------------------ Сауда-саттық күні: 20.05.16 Өтеуге дейінгі мерзім: 5,6 жыл (2 016 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 7 000,0 млн.теңге: Лот көлемі 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: нарықтық және шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 70 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 14:30 Төлеу уақыты: 24.05.16 Төлем уақыты: 14:30 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" еншілес ұйымы (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Q_Gov_ST1 ---------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы) теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/AGKKb6 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-05-20]